Оңтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Соның салдарынан 8 адам ауруханаға түсті. Дәрігерлер төртеуінің хәлін тым мүшкіл деп отыр. Жол апаты Шымкенттен шыға берістегі Леңгір тас жолында болған.
Автор: Бек Әбиев
11.07.2017
Куәгерлердің сөзінше, «Хюндай-Акцент» өз жолағымен келе жатқанда, алдындағы Нива кенеттен бұрылыпты. Осы кезде жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген корей машинасы Ниваны жанынан соққан. Қос көлік те жарамсыз болып қалды. Газбен жүретін Нива тіпті апаттан кейін жарыла жаздады дейді полицейлер. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Су шаруашылығына қатысты Ниваның кінәсі дәлелденсе жүргізушісі ірі көлемдегі айыппұл төлеуі мүмкін.
Азамат Айымбетов, Шымкент қалалық ЖПП полкінің инспекторы:
-Хюндай автокөілігінің ішінде куәгерлердің айтуынша 5 адам болған. Нива автокөлігінде 4 адам отырған дейді. Нива автокөлігі Хюндай автокөлігін байқамай жолда бұрылыс жасау кезінде Хюндай автокөлігі кеп ұрған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!