{metadescription}
Таразда көлік тізгінінде отырған жүргізушінің кенеттен денесі құрысып, машина апатқа ұшырады
Таразда көлік тізгінінде отырған жүргізушінің кенеттен денесі құрысып, машина апатқа ұшырады

Таразда көлік тізгінінде отырған жүргізушінің кенеттен денесі құрысып, машина апатқа ұшырады

Қатты жүрген жеңіл көлік сауда орнының ғимаратына соғылып, бірден өртке оранған. Осының салдарынан ауыр жарақат алған бір жолаушы қаза тапса, үшеуі ауруханаға түсті. 

Оқиға таңғы алтылар шамасында қаланың негізгі көшелерінің бірінде болған. Мына кадрда жеңіл көліктің ары-бері теңселіп келе жатқаны анық көрінеді. Сөйтіп машина жүйіткіген бойда сауда нысанына соғылып, бірден өртке оранған. Ішіндегі жүргізуші мен үш жолаушыны сол маңда жүрген күзет қызметінің өкілдері құтқарып, ауруханаға жеткізді. Жеңіл жарақат алған екі адам үйіне жіберілсе, басы мен омыртқаларына қатты зақым келген көлік жүргізушісі әлі емдеу мекемесінде жатыр. Болжам бойынша, осы 21 жастағы азаматтың ұстамасы ұстап, жол апаты содан болған. Дегенмен тексеру жұмыстары әлі жалғасуда. Ал, машинаның алдыңғы орнында отырып, ауыр жараланған 45 жастағы әйелді дәрігерлер құтқарып қала алмады. Ол темір тұлпарды тізгіндеген жігіттің анасы болып шықты.

Сәкен Жұмашев, №1 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

-Оның бауырына зақым келген, жарылып кеткен. Көк бауыры жарылған. Ота жасалған. Сосын жамбас сүйектері майдаланып кеткен. Оң аяқтағы сүйектері ашық жарақат. Ол ауыр халде түсті, сөйтіп ота бөлімінде қайтыс болды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде