{metadescription}
Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртты
Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртты

Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртты

Қазақстан  кез-келген лаңкестік топқа дереу  тойтарыс беруі керек. Бүгін күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртқан Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиында кибер қауіпсіздік пен терроризмның алдын алу мәселелері қаралды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Әлемде болып жатқан соңғы оқиғалардың барлығын білесіңдер. Еуропада барлық жерлерде лаңкестердің істеп жатқандары бар. Біздің Ақтөбе де болды, Алматыда болды. Кейін болған соң барлығын қарадық, ұстадық.  Енді не істеп жатырмыз қазір? Соны ұстадық деп отыра береміз бе? Әлде ары қарай жұмыс істейміз бе?

Ал жұмыс шаш етектен. Оның үстіне радикалдық топтар соңғы технологияны жетік меңгеріп алған. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік те, ұмыт қалмауы тиіс. Сонымен қатар кибер қауіп-қатерге кез-келген мекеме дайын болғаны жөн. Өйткені соңғы кездері хакерлердің шабуылы да жиілеп кетті. Күш құрылымдарының басшыларынан қырағылықты талап еткен президент ұлттық қауіпсіздік бірінші орында тұруы керектігін тағы да шегелеп айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.