Италияның оңтүстігіндегі орман өрті бір аптадан бері басылар емес
Қызыл жалын, әсіресе, Кампания, Базиликата, Сицилия аймақтарында өршіп тұр.
Автор: Диас Нұрақын
12.07.2017
Сондықтан жақын маңдағы елді мекен тұрғындары мен тау етегіндегі үйлерден тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Қазір тілсіз жаудың 18 ошағы тіркеліп отыр. Оны сөндіруге тікұшақ пен өрт сөндіруші ұшақтар жұмылдырылған. Қою қара түтін тіпті 15 шақырым қашықтықта орналасқан Наполи қаласынан да анық көрінеді. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен туристер алғашқыда Везувий жанартауы оянды деп ойлаған екен. Италиядағы бұл жанартау өте қауіпті саналады. Ол соңғы рет 1944 жылы оянып, соның салдарынан 60-тан астам адам қаза тапқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!