Түркияда тағы бір лаңкестік оқиғаның жолы кесілді!
Елде қанды қырғын ұйымдастырмақ болған 5 содырдың көзі жойылған. Олардың бәрі қауіпті ДАИШ ұйымының мүшесі болып шықты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.07.2017
Қаскөйлер арнайы операция кезінде ұсталған. Ал олардың көзін жою оңайға соқпады. Содырлар полицейлерге қарсылық білдіріп, оқ жаудыра жөнелген. Салдарынан, 4 тәртіп сақшысы жарақат алды. Ал қаскөйлер тұрып жатқан үйден көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған. Ел билігінің лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізуі тегін емес. Өйткені, бұған дейін террористер 15 шілдеге бірнеше шабуыл ұйымдастырып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Айта кетсек, соңғы жылдары Түркиядан ДАИШ-тың 5 мыңнан астам мүшесі ұсталған. Оның 3 мыңы өзге елдердің азаматтары екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!