{metadescription}
БҚО-да күтпеген жерден бұршақ жауып жұрттың есін алды
БҚО-да күтпеген жерден бұршақ жауып жұрттың есін алды

БҚО-да күтпеген жерден бұршақ жауып жұрттың есін алды

Батыс Қазақстан облысына уақытша қыс келді! Бұршақ аралас жаңбыр мен қатты соққан жел жарты сағат уақытқа созылған. Соның салдарынан шіліңгір шілдеде аталған өңірдегі Дария ауылы қыс кейпіне енген. Сонымен қатар, күн суып кеткендіктен егінге де зиян келіп жатыр. 

Бұл жағдай Орал қаласынан 21 шақырым қашықтықта орналасқан Дария ауылында болды. Табиғаттың тосын мінезі жұртты таң қалдырған.

Тұрғындар бұршақ  қана емес, оған қоса қар да  жауған дейді.  Олардың айтуынша, жауын деңгейі екі сантиметрге дейін жеткен. Ол егінге де зиянын тигізді. Жұрт бақшада бұтадан басқа ештеңе қалмады деп уайымдап отыр.

Ал Орал мен оның айналасындағы елді мекендерде нөсер жауын жауып, найзағай ойнады. Салдарынан үйлердің шатырлары ұшып, жертөлелер мен аулаларды су басқан.

«Қазгидромет» мамандары жазда бұршақтын  болуы  қалыпты жағдай деп отыр. Ал мұнда қар жауды деген сөзді олар теріске шығарды. Яғни жергілікті тұрғындар бұршақты ақ мамық деп қателескен. Ал мына тосын құбылыс Ресей жақтан келген ылғалды ауаның салдарынан болыпты.

Лаура Сайлыбаева, инженер-синоптик:

- Батыс Қазақстан облысында 11 шілдеде суық арктикалық фронт өтті және де циклонмен арктикалық фронтпен байланысты осындай бұршақ жауды.

 «Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, алдағы 3 тәулік ішінде еліміздің кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады және тағы бұршақ  жауады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде