{metadescription}
Алматылық зейнеткер газ жағамын деп, жарылысқа тап болды
Алматылық зейнеткер газ жағамын деп, жарылысқа тап болды

Алматылық зейнеткер газ жағамын деп, жарылысқа тап болды

Алматылық зейнеткер пәтерінде газ баллонын іске қоспақ болғанда, онысы жарылып кеткен. Соның салдарынан ол қаза тапты. Көгілдір отынды орнатып беруге келген екінші адам ауыр хәлде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, пәтерден ұшқан әйнек пен ағаш сынықтары ат шаптырым жердегі көрші үйге дейін жетіпті.

Көпқабатты үйдің орны үңірейіп тұрған мына тұсы газ жарылған пәтердің балконы. Таңертең болған жайт дүйім елді дүр сілкіндірген. Көршінің үйіндегі өртті алғаш боп көрген Татьяна Меньшикова оны қолмен өшіруге тырысыпты.

Татьяна Меньшикова, куәгер:

-Гүрс етіп жарылғанда кереуетімізден селкілдеп ояндық. Тереземнен қарасам, көрші балкон қирап жатыр. Жүгіріп есігінен кірсем, пәтердің әр жерінде от тұтанған. Көршімнің өзі жерде сұлық жатыр. Жылдам үйден су алып шығып, отты өшіруге кірістім.

Адам өлімі болған пәтердің есігі қазір тарс жабық. Куәгердің айуынша, өрт қаулады дейтіндей ештеңе болмаған. Тек қатты жарылыс есік-терезенің күл-талқанын шығарып, қабырғасына сызат түсіріпті. Жерде жатқан мына қирандылар сонау биіктегі балконнан жеткен.

-Оқыс оқиға орын алған үй біз тұрған жерден шамамен 100 метрдей қашықтықта. Бірақ жарылыстың қатты болғаны соншалық, балконнан ұшқан терезенің жақтаулары осы жерге дейін ұшып келген. Абырой болғанда, жолда үлкен ағаш тосқауыл болып, ағаш сынықтары көрші үйдің қабырғаларына жетпей қалыпты.

Пәтердің иесі, қаза тапқан 80 жастағы Галина Журавлева мұнда жалғыз тұрған екен. Оған қызымен бірге істейтін кісі газ баллонын орнатып беруге келіпті. Істі ойдағыдай тындырдым деген ол от тұтатқанда жалын лап берген. Аяқасты апаттан соң әжей ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Ал өлім аузынан қалған 47 жастағы жігіт ағасы қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалғандарға арналған кереуетте арнайы күтіммен жатыр. Оқиғаның қалай болғанын ежіктеп қана түсіндірді.

Нұржан Биқоңыров, №4 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Беті, қолы, мойны, аяқтары – бәрі күйген. Жалпы күйігінің көлемі – 40 пайыз. Бірінші, екінші, үшінші «А» дәрежесі күйіктің. Түскен кезде науқастың жалпы жағдайы ауыр, тұрақты емес. Науқас күйік шогында түсті.

Енді науқастың аяқтан тұруы үшін кем дегенде бір ай, арысы төрт ай уақыт қажет. Ал пәтерге газ баллонының қалай жеткізілгені белгісіз күйінде қалып тұр. Өйткені тоқ плиталар мен табиғи көгілдір отын болмаса, мұндай көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде