Теңгенің құны аптаның үшінші күні қатарынан төмен қарай сырғып барады
Бүгін таңғы сатылымда ұлттық валютамыз долларға шаққанда 1 теңге 29 тиынға арзандады. Одан кейін тағы төмендеген. Дәл қазір 1 доллар 327 теңге 20 тиынға тең.
Автор: Асыл Әділханұлы
12.07.2017
Осыған қарамастан жыл басынан бері теңге АҚШ долларына шаққанда 3,4 пайызға нығайыпты. Еліміздің қаржы нарығында сауданың басым бөлігі дәл осы америкалық валютамен жасалады.
Бірінші жарты жылдықтағы айналым 16 миллиард доллардан асқан. КASE теңгенің бұлай құбылуы тек қара алтын құнына ғана байланысты емес, Ресей рублі де біздің валютаға айтарлықтай әсер етеді дейді.
Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
-Бұл 2017 жылдың басты ерекшелігі десек болады. Жылдың басында байқалған құбылыс қазір анық тенденцияға айналды. Мұнай бағасы өздеріңіз білетіндей төмендеп бара жатыр, теңгенің бағамы долларға және рубльге шаққанда құбылып отырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!