Назарбаев пен Штайнмайер ЭКСПО көрмесін аралап шықты
Бүгін елімізге ресми сапармен Германия президенті келді.
Автор: Ербол Сейілхан
12.07.2017
Франк-Вальтер Штайнмайер алдымен Ақордада әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз өткізді. Сөйтіп президенттер алыс-беріс пен барыс-келісті жандандыра түсуге келісті. Өйткені дамыған экономикасы, жаңа технологиясы жолға қойылған Германиядан Қазақстанның үйренері көп. Оның үстіне немістің әлемге әйгілі компаниялары ЭКСПО көрмесінде белсенділік танытып жатыр. Тіпті бүгін бизнесмендердің форумында ресми Берлин мен Астана құны ондаған миллион долларға бағаланған келісімге қол қойды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Мы давно с Вами знакомы, сотрудничаем. Всегда были рады встрече. Обсужадли разные вопросы. Германия крупнейшая страна, крупнейшая экономика мира. Мы заинтересованы развивать эти отношения.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!