{metadescription}
Берлин полициясы салмағы 100 келі тартатын алтын тиынды ұрлаған адамдарды ұстады
Берлин полициясы салмағы 100 келі тартатын алтын тиынды ұрлаған адамдарды ұстады

Берлин полициясы салмағы 100 келі тартатын алтын тиынды ұрлаған адамдарды ұстады

Арнайы операция кезінде құнды жәдігерді қолды қылды деген күдікпен екі азамат қолға түскен.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше қаскөйлер таза алтыннан құйылған алып тиынды Боде мұражайынан наурыз айында ұрлап кеткен. Бірақ ұсталғандардың үйін тінту барысында жәдігер табылған жоқ. Оны ұрылар бірнеше бөлікке бөліп, алтын құймаға айналдырды деген болжам бар. «Үлкен үйеңкі жапырағы» деп аталатын бұл жәдігер саф алтыннан құйылған. Оның таза салмағы 100 келіні тартады. Ал құны 4 миллион еуроға бағаланады екен. Оны табуға көмектескен азаматтарға Берлин полициясы қомақты сыйақы ұсынып отыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде