{metadescription}
Бразилияның бұрынғы президентіне шығарылған үкім оның жақтастарының қарсылығын туғызды
Бразилияның бұрынғы президентіне шығарылған үкім оның жақтастарының қарсылығын туғызды

Бразилияның бұрынғы президентіне шығарылған үкім оның жақтастарының қарсылығын туғызды

Луис Инасиу Лулу да Силваның 9 жарым жылға сотталғанын естіген олар мұны барып тұрған араңдатушылық деп атап жаппай көшеге шықты.

Жасы 70-тен асқан экс-президент құрылыс компанияларының бірінен 3 миллион 700 мың реал пара алды деп айыпталған. Теңгеге шаққанда ол 370 миллионға жуық. Бұл ақшаға саясаткер Сан-Паулудағы 3 қабатты зәулім сарайын жөндетіп алған көрінеді. Ал ақысына Луис Инасиу құрылыс компаниясына «Петробраз» деп аталатын мемлекеттік мұнай компаниясымен келісім-шарт жасауға ықпал етуге уәдесін берген екен. Күллі елдің жағасын ұстатқан жанжалдың соңы экс-президенттің істі болуымен аяқталды. Десе де, Лулу да Силваның жақтастары оған шаң жуытар емес. Айтуларынша, бұл қазіргі президент Мишел Темердің әрекеті. Ақша жеді деп өзі де айыпталып жатқан Темер осылай елдің назарын Лулуға аударып жібермекші екен. Лулу да Силва – Бразилияны жеті жыл бойы басқарған президент. Саясаткер соңғы сайлауда 83 пайыз дауыс жинап, зор ықпал иеленген. Ол 2018 жылы да сайлауға түсу тиіс болған екен. Алайда аппеляциялық шағым өзгермеген жағдайда, Силва жылы орынтақтан біржолата үмітін үзеді.                

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде