Мосулда соғыстың аяқталғанын естіген Ирак азаматтары өз үйлеріне орала бастады.
Дегенмен, ДАИШ-пен арада болған қанды ұрыстан кейін жергілікті тұрғындардың бейбіт өмірге оралуы қиын болып жатыр.
Автор: Аруна Ортай
13.07.2017
Себебі, қаланың сау-тамтығы қалмаған. Баспанасы жермен-жексен болған тұрғындарға қаланы жаңадан тұрғызуға тура келіп тұр. Қазір мұнда тұрғын үй құрылысы мен қатар мектептерді ашу бірінші кезекке қойылды. Ол туралы мәлімдеген елдің премьер-министрі Хайдер әл Абади қалаға келіп жатқан азаматтардың құжаттары қатаң тексеріледі деп ескертті. Өйткені, шаһарды тастай қашқан содырлардың қайтып келу қаупі сейілмеген. Ал қала қалпына келтірілгенше, мосулдықтар шатырды амалдай тұрады. Естеріңізге салсақ, Мосул күні кешеге дейін ДАИШ ұйымының астанасы боп келген. Өзіне «Ислам мемлекеті» деп ат қойып алған лаңкестер тобы қару-жарағын осы қалада жасырып, жарылыстарды да осы жерде жатып жоспарлаған. Оларды ақыры жеңіп тынған Ирак әскері Мосулды өздеріне қайтарып алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!