Қоғамдық көлікте тегін жүре беретіндерге жаппай айыппұл салынуда!
Алматыда бір аптаның өзінде жол ақысын төлемеген 150 жолаушыға қатысты шара қолданылған. Автобусқа мініп, 80 теңгесін қимайтын сараң азаматтарды енді бақылаушылар аңдып ұстауға көшіпті.
Автор: Аида Мағыпар
13.07.2017
Билетсіз жүрген жолаушыларды анықтау үшін бақылаушылар тобы күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Соның нәтижесінде, қалалық «Көлік холдингі» шілдеден бастап рейд жүргізіп, жолаушылардың басым бөлігінің жол ақысын төлемейтінін анықтапты. Ондай жолаушылар заң жүзінде 2 АЕК, яғни 4 жарым мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Мақсат Құсайынов,бақылаушы :
-Билетсіз жүргендерді Ішкі Істер бөліміне апарамыз. Осы бір аптанын ішінде 150-ден астам адам апарылды.
Бақылаушылардың айтуынша, билетсіз жолаушылар таңертеңгі және кешкі қарбалас кезінде көбейеді. Әсіресе 25 ,19,5,7 бағыттағы тролейбустар мен 30,34 -інші бағыттағы автобустарда жиі кездеседі екен. Алайда, билетсіз жүретін жолаушылардың өз айтары бар. Бірі төлеп үлгермедім деп жатса, бірі білмедік немесе оңай қартасы қабылдамады деп ақталуды әдетке айналдырған.
Владимир, билетсіз жолаушы:
-Автобусқа кірдім, екі рет оңай қартамды бастым.Алайда, төлем жасалмады.Бақылаушы келіп бұл терминал істемейді деді,екіншісіне барып бастым төленді.Енді неге төленбей тұрғаны белгісіз.
Бақылаушылар тобы билетсіз жүрген жолаушыларды анықтау жұмыстарын күнделікті жүргізе беретіндерін айтып отыр. Сөйтіп, жол ақысының тікелей жолаушы тасымалдаушы компаниялардың есеп-шотына түсуін қамтамасыз етпек. Айтуларынша, тек осындай шаралар арқылы ғана қалада қоғамдық көлік желісінің сапасын арттыруға мүмкіндік туады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!