БҚО-да бұршақтан зардап шеккендер өтемақыдан қағылуы мүмкін
Бұршақтан зардап шеккен батысқазақстандықтардың барлығы бірдей шығынын өндіре алмайды. Көмек тек үйінің шатыры мен қабырғасы қирағандарға көрсетілмек. Ондай баспаналардың саны оннан асады екен.
Автор: Асыл Әділханұлы
13.07.2017
Ринат Шауменов, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары:
-Бүгін арнайы жұмыс тобы құрылыс заттарын үлестірді. Шифр, цемент сылаққа қажеттінің барлығын беріп жатырмыз. Түске дейін алты отбасына құрылыс заттарын таратып үлгердік.
Қазір Дарьинск ауылында арнайы комиссия келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. Олар егін өнімдері қатты зардап шекпеген деп отыр. Оның үстіне шығынға баттық деген шаруалар әкімдікке емес, сақтандыру компанияларына баруы керек. Ал ауласындағы жеміс-жидегі солып қалғандар комиссиядан мүлдем көмек күпесе де болады. Естеріңізге салсақ, Батыс Қазақстанда алдыңғы күні табиғат тосын мінез танытты. Төпелеп жауған бұршақ халықты біраз әбігерге салды. Тіпті оны біреулер қар деп ойлап қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!