{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ еліне төнген қауіп-қатер туралы айтып берді
Нұрсұлтан Назарбаев қазақ еліне төнген қауіп-қатер туралы айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ еліне төнген қауіп-қатер туралы айтып берді

Ал еліміздің тыныштығын тек «гибридтік соғыс» құртуы мүмкін. Сондықтан президент іріткі салып, қарусыз-ақ жалған ақпараттық қысыммен  жаулап алуды көздейтін жаулардан сақ болу керектігін қатал ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Ел ел болу үшін тәуелсіздік мықты болу үшін еш уақытта біз тыныш жатпауымыз керек. Үй өзімдікі деме, үй сыртында бөрі бар деген атам қазақ. Ол сіздер үшін айтылған. Әр уақытта біздің елге қызығатын, байлығымызды қызғанатын, тұрақтылығымызға қызығатын, Қазақ елінің бүкіл дүние жүзіндегі абыройын, авторитетін қызғанатын адамдар аз емес. Досымыз көп, жамандық ойлайтындар да бар. Өкінішке орай ішімізде де кездеседі. Сондықтан осының барлығы конститутцияны қорғау, мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, мемлекеттің мықтылығының жолында жұмыс істеу, экономикалық, ішкі, сыртқы қауіпсіздік барлығы сіздерге жүктелген.

Мұны Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай өткен салтанатты жиында айтты. Арнайы   қызметтің офицерлеріне

 Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік награда таратып қана қоймай, нақты міндеттер жүктеді.  Яғни еліміздің территориялық тұтастығына  қауіп төндіргендер дереу жазалануы тиіс. Президент, әсіресе, лаңкестер мен кибершабуыл жасайтын хакерлерден сақ болуға пәрмен берді. Ал биыл құрылғанына ширек ғасыр толған Ұлттық қауіпсіздік комитеті  соңғы 10 жыл ішінде 100-ден астам лаңкестік әрекеттің алдын алыпты. Десе де, арнайы операция кезінде көптеген офицер қаза тапқан. Бүгін мемлекет басшысы сол марқұмдардың отбасына қамқор болу туралы да тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- У нас есть те сотрудники, которых уже нет среди нас, которые отдали свои жизни за спокойствие и независимость нашей страны. Здесь в зале присутствуют супруги погибших сотрудников. И мы обращаем эти грустные слова им. Хочу заявить, что они должны всегда находиться в поле внимания Комитета национальной безопасности, а значит, государства, и их дети тоже. Это наша общая задача. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде