Мексикада бір үйдің ішінен 11 адамның мәйіті табылды
Қаза тапқандардың барлығы дерлік кішкентай баланың туған күніне жиналған қонақтар болып шықты.
Автор: Аруна Ортай
14.07.2017
Қарақшылар балаларға тиіспеген. Тек үй иесі мен ересектерді бауыздаған. Полицияның айтуынша, туған күн тойлаған отбасының жергілікті есірткі саудагерлерімен байланысы болған. Жантүршігерлік қылмысты солар жасаған болуы мүмкін. Ал үйдің ішінде балалар да болғандықтан, қаскөйлер атыс қаруын емес, пышақ қолданған көрінеді. Жалпы, Мексикада соңғы кездері наркобарондардың өзара қақтығысы жиілеп кеткен. Осындай есеп айырысулардың соңынан соңғы бір айда ғана 2 мыңнан астам адам бақилық болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!