{metadescription}
Атырауда тәрбиеленетін бала қалмаған жетімдер үйі жабылды
Атырауда тәрбиеленетін бала қалмаған жетімдер үйі жабылды

Атырауда тәрбиеленетін бала қалмаған жетімдер үйі жабылды

Жетімдердің көпшілігі түзу жолға түскен ата-аналарымен қайта қауышса, өзгелерін жергілікті тұрғындар асырап алған. Ал тағы алты баланы алматылық азамат бауырына басамын деп алып кетіпті. Ал әзірге әке-шеше таба қоймаған он шақты жеткіншек қаладағы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына орналастырылып жатыр екен.

Жұбайы мен баласынан айрылған Светлана Брудко – жұбанышты жетімдер үйінен тапты. Ол енді осы уақытқа осында тәрбиеленген ағайынды Нина мен Диманың анасы атанбақ. Бірақ олардың туған әке-шешелерімен араласуына тыйым салмаймын дейді.

Светлана Брудко, Атырау қаласының тұрғыны:

-Енді балаларды өзім тәрбиелеймін.  Денсаулығым бар.  аналарымен араласады. Оған рұқсат берем. Бірақ қорлауға жол бермеймін.

Өзінің туған ата-анасынан көрмеген мейірім мен жылылықты өзге жаннан тапқан Нина мен Дима да мәз. 15 жастағы Нина анасыа көмектесіп, өзінен кейінгі інісіне қамқор боламын деп отыр.

Нина Попова, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

-Қазір Махамбетте тұрып жатырмыз. Мектеп бітірдім, енді колледжде оқып жатырмын.  Мамандығым аспаз.  Ініме қолдау көрсетемін.

Жетімдер жаңа отбасы таптық деп мәз-мейрам болғанымен, балалар үйін бірнеше жылдан бері басқарып келе жатқан басшының көңілі пәс. Өзінен өзге 60 шақты қызметкер жұмыстан айырылды деп емес, баласындай болып кеткендердің бауырынан алыстап бара жатқанына көңілі босап жүр.

Сәния Мусиева, С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің директоры:

-Әрине мен қоблжып тұрмын. Себебі әр бала өзіме туған балаларымдай болып кетті, соларға 17 жылда үйреніп кеттім.

240 балаға шақталған мына жетімдер үйінде 2015 жылы – 140,  өткен жылы 70, ал биылғы оқу жылының басында 50-ге жуық бала тәрбиеленіпті. Басшысының айтуынша, жетімдер үйінің қызметкерлері де далада қалмайтын көрінеді. Кейбірі қаладағы мектеп-балабақшаларға орналасып үлгерген. Ал, өзгелері тамыз айында осы ғимаратта ашылатын дарынды балаларға арналған лицей-интернатта жұмыстарын жалғастырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қаңтар

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде