Жамбыл облысында дәретханадан табылған сәбиді нағашысы бауырына басты
Құжаттары рәсімделген соң, ол бір жастан асқан Жансаяны «Үміт» балалар үйінен алып, Мамай ауылындағы өз үйіне алып кеткен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.07.2017
Бұған дейін сәбиді нағашы әжесі асырап алады деліген еді. Бірақ, биыл көктемде Бибігүл Мәжіғұлова кенеттен қайтыс болып, оның інісі жиенін асырап алуға ниетті екенін білдірген. Енді, міне, аудан әкімінің жарлығымен Жансая нағашы ағасына берілді. Сонымен қатар, бүлдіршіннің өзінен 5 жас үлкен әпкесі де соның қарауында болады. Еске салсақ, былтыр қаңтар айында 21 жастағы Әмина Мәжіғұлова жол бойындағы әжетханаға сәбиін туып тастап кеткен. Өзі осы қылмысы үшін аналық құқығынан айырылып, әрі бір жарым жылға сотталған болатын. Кейін рақымшылықа ілігіп, түрмеден босап шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!