Өскеменге барған Назарбаев «Нұрлы жол» саябағын ашты
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Елбасы өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, Өскемен қаласындағы «Нұрлы жол» саябағын аралады.
Автор: Диас Нұрақын
14.07.2017
Бұл саябақ бар болғаны жеті айдың ішінде салынған екен. Бұған дейін осынау ат шаптырым алқапты арам шөп басып, бос жатқан. Алайда айналасы жарты жылдың ішінде халықтың серуен құрып, демалатын жеріне айналды. Мұнда түрлі сәулет нысандары бой көтеріп, айналасы жасыл желекпен көмкерілген. Биіктігі 25 метрді құрайтын «Мәңгілік ел» монументі де су жаңа саябақтың ажарын ашып тұр. Ал ашық аспан астындағы көрмеге көздің жауын алатын көне жәдігерлер қойылған. Берел және Шілікті жазықтарынан табылған екі мыңнан астам алтын мүсіндерді Нұрсұлтан Назарбаев та асықпай тамашалап шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!