Талғат Мұсабаев сенатор болып тағайындалғанын кімнен естігенін айтты
Зейнет жасына жеткендер сенатор болып тағайындалды. Президент жарлығымен депутат атанғандарды бүгін Орталық сайлау комиссиясы тіркеп, куәлік пен төсбелгісін таратып берді.
Автор: Досжан Маратұлы
14.07.2017
Елбасының қалауымен енді ғарышкер Талғат Мұсабаев, генерал прокурор Сәуле Айтбаева, сенат аппаратын басқарған Владимир Волков және бұрынғы білім министрі Бақытжан Жұмағұлов бұдан былай заң шығарумен айналыспақ. Бірақ Жұмағұлов бүгін куәлігі мен төсбелгісін алуға келмей қалды. Десе де, әріптестерінің жазғы демалыста екенін ескерсек, олар сенатқа енді қыркүйекте бір-ақ келмек. Ал бұған президенттің кеңесшісі болған Талғат Мұсабаев сенатор боп тағайындалғанын телефонына түскен құттықтау хаттарынан бір-ақ біліпті. Шулы мәлімдемелерімен танымал Мұсабаев жоғарғы заң шығарушы органда да жерден бұрын аспанға бір табан жақын болмақ.
Талғат Мұсабаев, Сенат депутаты:
-Етікші етік тігумен айналысуы керек қой. Сол сияқты әркім өзі білетін іспен шұғылдануы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан мен Сенатта ғарыш, қауіпсіздік мәселелерін көтеретін боламын. Ең бастысы еліміздің дербес ғарыш өнеркәсібін дамытуға үлес қосқым келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!