Алматыда полицияның сылбырлығына наразы адамдар видеоүндеу жолдады
Алматыда автокөлік ұрлайтындарға тыйым болмай тұр. Зардап шегушілер полицияға арыз жазғанымен, мұндай қылмыстардың ашылар түрі жоқ. Осылайша тәртіп сақшыларынан күдерін үзген тұрғындар билікке жанайқайын өздері түсірген видео арқылы жеткізіп жатыр.
Автор: Ақтөре Тынышбеков
14.07.2017
Өткен аптада осы Алматының бір ғана ықшамауданынан оннан аса көліктің қолды болғанын хабарлаған едік. Алайда 2-3 ай өтсе де көліктің әлі күнге дейін бірде біреуі табылмағанын естіген тұрғындар осындай әрекетке барып отыр. Ал, бұл жерге тұрғындар қаланың бірнеше ауданынан ғана жиналған. Полиция есігін қанша қақса да еш әрекет жасамай, арыз-шағымның қаралуы қырық күн екенін айтыпты. Ал темір тұлпарынан ойда-жоқта айырылған тұрғындар ол уақытқа дейін көліктері шетел асып немесе бөлшектеліп кете ме деп алаңдап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!