{metadescription}
Испаниядағы ауруханада хәл үстінде жатқан отандасымызды осы елден қуып шығуы мүмкін
Испаниядағы ауруханада хәл үстінде жатқан отандасымызды осы елден қуып шығуы мүмкін

Испаниядағы ауруханада хәл үстінде жатқан отандасымызды осы елден қуып шығуы мүмкін

Сақтандыру компаниясынан өтемақы ала алмаған Күлпаш Хасанова жат жұртта тағы бір қиындыққа тап болды. Яғни енді визаға қатысты түйткіл туындады. Науқас ауруханаға қыруар ақша қарыз болғандықтан, испаниялықтар оның уақытын ұзартудан бас тартқан. Тіпті, оның ауыр хәліне қарамастан, елден қуып шығуға мәжбүр болмақ. Ал Хасанованың жақындары еліміздің сыртқы істер министрлігінен араша сұрап отыр.

Қазақстандық туристің қазіргі жағдайын испаниялық дәрігерлер тұрақты дейді. Десе де, Күлпаш Хасанова есін жиғанымен, әрі-бері қозғала алмайды. Ал, денсаулығы жақсарғаннан кейін операция жасау керек. Бірақ соған қарамастан испаниялықтар оны елден қуып шықпақ екен.

Әлия Хасанова, Күлпаш Хасанованың қызы:

-Біздің виза 14 күнге ғана жарамды. Яғни, тек шілденің он тоғызына дейін алынған. Ал мұндағылар оның уақытын ұзартудан бас тартуда. Себебі, ол үшін ауруханадағы шығынның өтелетіні туралы кепілдік керек. Ал анам сақтандырылған «Interteach» компаниясының ондай қағазды бермесі анық.

60 жастағы әйелдің жол жүруіне қатаң тыйым салынған. Өйткені Хасанова бірнеше рет инфаркт болыпты. Ал өзі мұны алдын-ала сезсе керек, жол жүрмес бұрын денсаулығын сақтандырған екен. Бірақ, одан еш көмек болмай, қазір Испаниядағы жекеменшік ауруханада жатыр. Тіпті, сақтандыру полисін берген «Interteach» компаниясы ем-домның шығынын төлеуден де бас тартты. Сондықтан, қазір олар қарызға белшеден батқан. Міне, соның кесірінен ауру әйел Испаниядан мәжбүрлі түрде шығарылмақ.

Әлия Хасанова, Күлпаш Хасанованың қызы:

-Полицейлер мәселені Қазақстан елшілігі арқылы шешуге болатынын айтты. Ол үшін елшілік сақтандыру компаниясының орнына аурухана қарызының төленетіні туралы жазбаша кепілдік беруі тиіс. Біра, олар да көмектесуден бас тартты.

Дегенмен, сыртқы істер министрлігіндегілер отандасымызды далада қалдырмаймыз деп сендірді. Қазір олар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр екен.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-Испаниядағы консулымыз осы елдің көші -қон полициясына нота жіберді. Сол арқылы біздің азаматтардың визасының уақытын ұзарту туралы өтініш жасады.

Сақтандыру компаниясы болса, бұған дейін қарияның дерті сақтандыруға жататын аурулардың тізіміне кіру-кермеуін тексеріп жатқанын айтқан еді. Ал бүгін мәселе Хасанова елге келгеннен кейін шешіледі деп мәлімдеді. Соған қарағанда, ауруханада жиналған қыруар ақшаны науқастың жақындарының төлеуіне тура келетін сыңайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде