{metadescription}
Оралдық  шенеунік ірі парамен ұсталды
Оралдық  шенеунік ірі парамен ұсталды

Оралдық шенеунік ірі парамен ұсталды

Миллиондаған парамен ұсталды! Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның мәліметінше, шенеунік 100 миллион теңгеден астам ауызбастырық алған.

Нұрболат Ұрмалиев сол ірі көлемдегі параның соңғы бөлігі яғни 25 миллион теңгені алған сәтте ұсталып отыр. Күдікті ақшаны көлігінің жүк салғышына жасырып үлгерген екен. Тергеу мәліметтеріне қарағанда шенеунік әлдекімнің жалған кәсіпкерлікке қатысты қозғалған қылмыстық ісін жауып, қолдау көрсетпек болыпты. Сол үшін 100 миллион теңге ауызбастырық алған Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы енді біраз жыл бостандық көрмеуі мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде