{metadescription}
Алматыда полицейлерден қашқан автокөлік дөңгелегі жұртты күлкіге қарық қылды
Алматыда полицейлерден қашқан автокөлік дөңгелегі жұртты күлкіге қарық қылды

Алматыда полицейлерден қашқан автокөлік дөңгелегі жұртты күлкіге қарық қылды

Жол сақшыларын жынды қылған дөңгелек! Алматыда полицейлерден қашқан автокөлік дөңгелегі жұртты күлкіге қарық қылды. Көше бойымен жүйіткіген баллон тәртіп сақшыларына ұстатпай, оларды әбден састырған.          

Жол бойымен көліктің емес, дөңгелектің домалап кетіп бара жатқанын көрген тәртіп сақшылары алғашында түкте түсінбей қалған. Алдынан шығып тоқтатпақ болып еді, дөңгелек ұстатпай кетті. Не істерін білмей сасқалақтаған жол сақшылары дереу көліктеріне мініп, «бұзақының» соңынан қуалай жөнелді. Полицейлерге ұстатпай қашқан доңғалақ ақыры жол жиегіне соғылып барып бір-ақ тоқтады. Жүргізушілердің бірі әлеуметтік желіге салып жіберген видео жұртты жаппай күлкіге қарық қылды. Көпшілік тіпті дөңгелекті Қазақстанның футбол құрама командасына қосу керек екен деп те әзілдеп жатты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.