{metadescription}
«Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алған 500 отбасы су, жарықсыз отыр
«Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алған 500 отбасы су, жарықсыз отыр

«Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алған 500 отбасы су, жарықсыз отыр

Астана күні қарсаңында ғана Көкшетауда қоныс тойын тойлаған 500 отбасы, екі аптадан бері жарық пен суға жарымай отыр. Ондағы 135 отбасы – көп балалы, мүгедек және әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар. «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер кілтін облыс әкімінің қолынан алысымен, әр жерде пәтер жалдап жүрген жұрт артынып-тартынып көшіп келген. Енді күнделікті қажетті суы мен жарығына зар болып отыр. Құзырлы орындардан көмек сұрағанымен, тұрғындар жанайқайы шенеуніктердің құлағына жетер емес.

Дүркіреп өткен Астана күні көкшетаулықтардың да есінде қалды. Мұнда 500 отбасы қоныс тойын тойлады. Әсіресе, баспанаға зәру 135 көпбалалы отбасы мен мүмкіндігі шектеулі жандар, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қолынан пәтер кілтін алып, жүрегі жарыла қуанған. Олардың арасында кеше ғана жасы 80-ге толған Жасұлан ақсақал да бар. Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған Еңбек ардагері осы пәтерін 20 жыл күтіпті. Енді қол жеткенде қараңғылыққа қамалдым деп өкпелі.

Жасұлан  Келісов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-5-і күні кірдім кілтті алған күні. Содан бері не су жоқ, не свет жоқ. Қараңғы жерде әйтеуір кешкі тамағымды ішем де жатам бүрісіп. Бүкіл халық солай міне.Свет та жоқ, су да жоқ. Газ да жоқ.

Әрине, жарық болмаған соң лифт те істемейді. Сондықтан арбаға таңылған мүгедектер мұнда қоныстана алмай жүр екен. 15-20 жыл сарыла күтіп қол жеткізген баспаналарында газ да болмай шықты. Амалы таусылған тұрғындар 9 қабатты үйге газ баллондарын тасып әлек. Шенеуніктер кілтін тапсырған соң бізді ұмытып кеткен сыңайлы,- дейді тұрғындар.

Баян Мұсаипова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Бұл мазақ қылғандары. Мен 2-ші топтағы мүгедекпін. Су тасумен шаршадым. Қашанғы тосамыз. Келеді, кетеді. Сендіріп кетеді. Бүгін келеміз, ертең келеміз деп.

Жаңадан бой көтерген «Сарыарқа» ықшамауданы қаладан шет орналасқан. Сондықтан су мен газ тасу әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қиыншылық туғызып отыр. Ал әкімдіктегілер: «үй тапсырылды, енді қалғанын тұрғындардың өздері реттеуі керек» деп отыр.

Иван Юрченко, Көкшетау қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

-Су және электр қуаты ол үйлерге дейін келіп тұр. Енді тұрғындар өздері коммуналдық қызметтермен келісім-шарт жасауы керек. Есептегіш құралдарды пломбылауға тиіс.Бұл жұмыстармен жаңадан құрылған тұрғын үй кооперативі айналысады. Біз өз жұмысымызды істедік.

Ал жаңадан құрылған «Мега сервис» пәтер иелері кооперативіндегілер жұмыстың енді қолға алынып жатқанын айтады.  Сөздеріне сенсек, кешігуге себеп, есептеуіштердің жарамсыз болып қалғаны-мыс. Қазір жаппай есептегіш құралдарды ауыстыру басталыпты.Ал газ мәселесі тұрғындардың 70 пайызы қоныстанбайынша шешілмек емес.

Пәтер кілтіне балаша қуанғандар көңілі осылайша су сепкендей басылған. Қазірде үйдің сапасына да көңілдері күпті. Себебі, алғашқы жауыннан соң-ақ жоғары қабаттағы пәтерлердің төбесінен су сорғалаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.