{metadescription}
Қызметкерлерінің қылмысын жасырған түрме басшысы сотқа тартылды
Қызметкерлерінің қылмысын жасырған түрме басшысы сотқа тартылды

Қызметкерлерінің қылмысын жасырған түрме басшысы сотқа тартылды

Түрмеде зорлыққа жол бергендер сот алдында жауап бере бастады! Алматыда ЛА 155 те 18 мекемесінің экс-басшысы көз алдында болып жатқан қылмысты жасырды деп айыпталуда. Ал осы іс бойынша жәбірленуші – тағы да атышулы Наталья Слекишина.

Тергеу қапасының бұрынғы басшысы Ермек Омарбеков әйел зорлық көргенін айтып келгенде, еш әрекет етпепті. Сондықтан оның қол астындағылар Слекишинаны бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші әйел бұл туралы өткен жылы мәлімдеген еді. Ол еркінен тыс түрменің 4 бірдей қызметкерімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болған. Тіпті сол кезде жүкті болып, бала босанды. Алайда бұл іс бойынша Слекишина айыптағандардың біреуі ғана, яғни офицер Руслан Хакимов 9 жылға сотталды. Өйткені сараптама бойынша түрмеде туылған баланың әкесі де сол болып шыққан. Ал қалған үшеу сотқа тек куәгер ретінде қатысқан-тын. Тергеу қапасында қорлық көрген әйелдің өзі де қылмыскер екенін айта кетейік. Десе де, «қарақшылық шабуыл» бабымен 8 жылға сотталған Наталья Слекишина қазір бостандықта жүр. Өйткені сот оның кішкентай баласы барын ескеріп, жазасын өтеуді 5 жыл кейінге шегерді. Тіпті ол қалған жазасын рақымшылық бойынша қысқартуды өтініпті. Бірақ сот ол арызын қанағаттандырған жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.