Дауыл кезінде үйдің шатыры басып қалған 80 жастағы соғыс ардагері хал үстінде жатыр
Өскеменде осы дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың ең үлкені 80 жастағы ардагер. Қарияның үстіне желдің екпініне шыдамай қираған үйдің шатыры құлапты.
Автор: Асыл Әділханұлы
18.07.2017
Қазір ол ауыр хәлде ауруханада жатыр. Дәрігерлер ардагер көп қан жоғалтқан деп отыр. Ақсақалдың туыстары болса бәріне жергілікті билікті кінәлауда. Дер кезінде күн райының құбылатыны туралы хабарлама келгенде егде жастағы адамды далаға шығармас едік дейді. Ал төтенше жағдай қызметкерлері дауылдың болатынын өзіміз де білмедік деп отыр. Ауа райын болжау орталығы құтқарушыларға ешқандай ескерту жасамапты. Себебі олар да күннің құбылуын дөп көрсететін құрылғы жоқ екен.
Надежда Говоркина, ауа райын болжау мекемесінің маманы:
-Метеорологиялық локатор дауылды ғана емес, бұлттың қалыптасуына дейін көрсетеді. Бұршақтың болатынын білдіреді. Бірақ бізде ондай құрылғы жоқ. Бар болғанда үш сағат бұрын дабыл қағып ескерту жасайтын едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!