Маңғыстау облысында атыстан алты адам зардап шекті
Маңғыстау облысында атыстан алты адам зардап шекті. Оның үшеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Оқ қарша бораған қиян кескі атыс Қарақия ауданындағы Құрық ауылында түнде болған.
Автор: Асыл Әділханұлы
18.07.2017
Жиырмалар шамасындағы жігіттердің текетіресінен осылайша бірнеше адам жараланған. Оның үшеуіне аудандық емханада алғашқы көмек көрсетілсе, қалған үшеуі облыс орталығына жеткізілді. Бір жігіттің өмірі қыл үстінде тұр. Әзірге, атыстың нақты неден болғаны белгісіз. Құзырлы орган бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бірақ күдіктілер мен ұсталғандар туралы ақпарат жоқ. Олар іздестіріліп жатыр.
Мұхамеджан Нұрғазиев, Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары:
-Түнгі бірлер шамасында қансыраған үш жігітті алып келді. Оларға шұғыл ота жасадық. Бір жігіттің жиырма жерінен оқ тиген. Бытыра ішек қарнын бірнеше жерінен тесіп тастаған. Қалған екеуі де іштен жараланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!