Әлеуметтік қызметкер болып зейнеткерлерді аралған жігіт, қарияларды тонаған
Көкшетауда қарттарға 11 мың теңге жалған сыйақы таратқан азамат қолға түсті. 26 жастағы жігіт қариялардың үйіне әлеуметтік қызметші болып алдап кіріп, сыйақы деп сувенирлік купюралар ұсынған. Зейнеткерлер жалған 20 мың теңгенің артық 9 мыңын шынайы қаржымен қайтарып отырыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.07.2017
Валентин Малахов, зардап шегуші:
-Астана мерекесі болды ғой. Сосын шын екен дедім. Ешқашан ондай сыйақы алған жоқпыз.Соны ойласамшы. 9 мың теңге қайтардым. Сосын ол құжат сұрады. Осы кезде қалған 20 мың теңгемді ұрлап алыпты. Сұмдық екен.
Осылайша пәтерге енген күдікті зейнеткерлерге Астана күніне орай 11 мың теңге сыйақы бөлінгенін жеткізген. 20 мың теңгелік жалған ақшаны беріп, артығын шынайы теңгемен алған соң да тоқтамапты. Яғни зейнеткерді ас үйге суға немесе құжатқа жұмсап жіберіп, қалған қаражатын да жымқырып отырған. Әзірге осынау дерек бойынша, полицияға 9 зейнеткер шағымданды. Полицейлер бұл сан әлі де өседі деп отыр. Оның үстіне күдікті Щучье мен Петропавлда да осындай әрекетпен айналысқанын айтқан.
-Ғаламтор арқылы анықтама алып, хабарласып отырдым. Егде жастағы адамдар жауап берсе, үйлеріне баратынмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!