{metadescription}
Қазақстанның ішкі туризмін дамытатын жаңа ұлттық компания құрылды
Қазақстанның ішкі туризмін дамытатын жаңа ұлттық компания құрылды

Қазақстанның ішкі туризмін дамытатын жаңа ұлттық компания құрылды

Елімізде жаңа ұлттық компания құрылды. «Қазақ Туризм» акционерлік қоғамы шетелдерде Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттаумен және осы салаға инвестиция тартумен айналыспақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

-Бұл бізге не береді? Алдымен, шаруашылық субъектілерінің құрылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, осы ұлттық компания арқылы туризмге инвесторлар тартқымыз келеді. Қазір көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстандағы осы салаға қаржы құюға мүдделі. Өйткені еліміздің табиғи ландшафты ерекше.

Министр Мұхамедиұлының айтуынша, жаңадан құрылып жатқан ұлттық компания қызметкерлеріне бірінші жылы бюджеттен жалақы төленеді. Ал келер жылдан бастап компания өз-өзін қаржылай қамтамасыз ете бастайды. Акционерлік қоғам еліміздегі өңірлердің ерекшеліктерін ескеріп, аймақтық имидж қалыптастыру және маркетинг жұмыстарын жүргізу ісін қолға алады. Сондай-ақ, қай облыста қандай демалыс түрлері ұйымдастырылатынын және туристік бағыт болатынын белгілеумен айналыспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде