{metadescription}
Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері Төлеміс Жанқазиев 12 жылға сотталды
Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері Төлеміс Жанқазиев 12 жылға сотталды

Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері Төлеміс Жанқазиев 12 жылға сотталды

Астанада миллиондап пара алған Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкерлері сотталды. Басты айыпталушылардың бірі – атышулы Төлеміс Жанқазиев енді 12 жылын темір торда өткізуі тиіс.

Әрі ол подполковник шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластатылып отыр. Сондай-ақ, осы іс бойынша тағы 10 адам әртүрлі жаза арқалады. Оның 5-еуі кәсіпкер, қалғаны Қорғаныс пен Қаржы министрлігінде лауазымды қызмет атқарған Жанқазиевтың сыбайластары. Жалпы, бұлардың қолына былтыр кісен салынған болатын. Яғни, министрлікте Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған подполковник 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Жанқазиев бұл ақшаға кәсіпкерлерге әскери бөлім сарбаздарын тамақтандыруға қатысты тендерді ұтып беруге көмектеспек болған. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Қорғаныс және Қаржы министрліктеріндегі шенеуніктерді қылмысқа итермелеген ол енді көп уақыт бостандық көрмейтін болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде