{metadescription}
Дауыл кезінде үстіне шатыр құлап қайтыс болған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін
Дауыл кезінде үстіне шатыр құлап қайтыс болған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін

Дауыл кезінде үстіне шатыр құлап қайтыс болған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін

Өскеменде дауыл кезінде жерге ұшып түскен шатыр басып қалған ақсақал көз жұмды. Бұл туралы марқұм Шериаздан Исановтың туыстары хабарлады. Тыл ардагері кеше түнгі онның шамасында көз жұмған. Енді туыстары ақсақалдың өліміне желмен ұшқан шатырдың иесін кінәлауда. 

Әзиз Сәдуақасов, Ш.Исановтың немересі:

-Мен өзім барып көрдім. Ұшқан шатыры бәрін жұлып әкеткен. Мұндай көзбояушылықты қалай жасағандарын білмеймін. Үлкен төбенің әрбір жерінен шегемен немесе бұрандамен жақсылап бекіту керек еді.

Дауыл кезінде зардап шеккен ақсақал, көп қан жоғалтып ауыр хәлде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген еді. Өкінішке қарай, сексеннен асқан ақсақалдың жүрегі шыдас бермеген. Дәрігерлер де марқұмның сынған жері көп болғанын алға тартуда. Сондай-ақ, кеудесі де тілінген екен. Қазір қайғылы жағдайға қатысты туыстары құзырлы орындарға шағым түсірген. Сондықтан жергілікті прокуратура өкілдері шатырдың иесіне қатысты тексеруді бастағандарын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.