{metadescription}
Алматылық жәрмеңкеде бағалы ішік-тондар жазғы жеңілдікпен
Алматылық жәрмеңкеде бағалы ішік-тондар жазғы жеңілдікпен

Алматылық жәрмеңкеде бағалы ішік-тондар жазғы жеңілдікпен

Ел құлағын елең еткізер жәрмеңке! Ресейлік тігіншілердің қолынан шыққан бағалы тондар Алматыда сатылып жатыр. Ішіктердің өлшемі мен үлгісі сан алуан, сапасы  жоғары, ал бағасы қарапайым халық үшін қолжетімді. Мұнда келушілер жазғы жеңілдіктермен қатар түрлі сыйлықтарға да ие болуда.

Бұл жолғы жәрмеңкеге тондар мен ішіктердің 6 мыңға жуық түрі әкелінген. Сәнқойлар үшін бұл таптырмас базарлық. Сапалы әрі сирек кездесетін аң терілерінен тігілген тондарды осы жерден таба аласыздар. Қыстың қамын жаз ойлаған жұрт бұл жәрмеңкеге ағылуда. Тіпті сапалы  сырт киім алу үшін өзге өңірдің тұрғындары да келіп жатыр.

Сапаргүл Есболатова, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Шымкент қаласынан келіп тұрмын бұл жәрмеңкеге.Тондардың біразын киіп көрдім маған ішіндегі ұнағаны осы тон болып тұр. Бағасы да қолжетімді. Зейнеткер болсам да,маған бағасы қол жетімді болып тұр.

«Шубаманияда» тері өнімдерінің қатары толыға түскен, бұл жолы даралап тігілген эксклюзивті түрлері де бар екен. Әйелдермен қоса ер адамдарға қысқы киімнің түр-түрі сатылуда. Жарасымды қысқы киім тандауға білікті сатушылар қол ұшын беруде. Ал ұнаған тауарды алуға   қаржыңыз жетпесе қамықпаңыз.

Павел Дагаудиев, сатушы:

-Әрбір ұнаған тонды несиеге ала аласы дар немесе бөліп төлеу жағы да қарастырылған. Мұнымен қоймай әрбір сатып алынған тауарға қосып беретін сыйлығымыз да бар.

Бүгін басталған жәрмеңке 12 кыркүйекке дейін жалғаспақ. Ал салтанатты түрде ашылуын ұйымдастырушылар 22 шілдеге белгілеп отыр. Бұл шараның арнайы қонағы – белгілі әнші әрі сәнгер Лидо.  Тұтынушылар үшін жазғы жеңілдік иеленіп қана қоймай, жұлдызбен жүздесіп қалудың сәті түсіп тұр. Сол себепті мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде