{metadescription}
Бразилияға өмірі болмаған қыс келді
Бразилияға өмірі болмаған қыс келді

Бразилияға өмірі болмаған қыс келді

Бразилияға жаз ортасында ақшұнақ аяз келді. Елдің оңтүстігінде аязды ауа райы орнап, қар жауып, мұз қатып, тұман түскен. Кей жерлерде термометр бағамы минус 17-ге дейін түскен. Ал Санта-Катарина штатында жағдай ушығып, электр сымдары мұзға оранып, тасжолдарда көліктер тайғанақтап жүре алмай қалды. Қапырықта өмір сүріп үйренген бразилиялықтар үшін бұл нағыз адам төзгісіз сынақ болып жатыр. Суық ауа райы көршілес Чили, Уругвай, Аргентинадан келген екен. Ол жақтарда ауа температурасы минус 30-ға дейін төмендеген. Оңтүстікамерикалықтар оны рекордтық көрсеткішке балап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде