Еуропалық Одақ Польшаға санкциямен сес көрсетті
Польшада сот жүйесінің реформасына қарсы наразылық тыйылатын емес. Билік партиясы қолға алған жаңа бастаманы Еуроодақ та қоштамай отыр. Тіпті, реформа күшіне енетін болса, елге санкция салынуы мүмкін екенін ескертті.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.07.2017
Ел астанасындағы халық шеруі бір аптадан бері жалғасып жатыр. Кеше түнде мыңға тарта польшалық Варшавадағы парламент ғимаратының алдына тағы жиналды. Жаңа реформа бойынша, ел парламенті Ұлттық сот кеңесінің барлық судьяларын отставкаға жібере алады. Оған қоса, әділет министрінің де құзыры кеңеймек. Ол өз қарауына сай Жоғарғы сот мүшелерін отставкаға жіберетін болады. Наразы топ бұл демократияға қайшы келеді дейді. Олардың бұл пікірін Еуроодақ та қолдап отыр. Егер билік елдің сөзіне құлақ аспаса, еурокомиссия Варшаваны Еуроодақ Кеңесінде дауыс беру құқығынан айырмақшы. Польша да қалысар емес. Бұл тұрғыда ел басшылығы Еуропалық сотқа шағымданбақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!