Тоқ соғып қайтқан тараздық жасөспірімнің өліміне кінәлілер табылмай отыр
Тараздық жасөспірімнің өліміне қатысты істе қалалық электр желілері мекемесі сүттен ақ, судан таза болып шықты. 8-ші сынып оқушысын тоқ ұрып өлтіруіне орай тексеру жүргізген мамандар оқиғаның себебін не оған кінәліні анықтай алмады. Айта кетейік, Бекзат Үмбетәлиев құбырда ойнап жүрген қызды құтқарамын деп тоққа түскен еді. Тақырыпты Руслан Әбдіхалық тарқатып айтсын.
Автор: Руслан Әбдіхалық
20.07.2017
Бала өлімінен соң, арнайы комиссия құрылып, қайғылы жағдайдың жай-жапсары тексерілген. Содан оқыс жағдай болған жердегі құбыр ішіндегі екі электр желісінің біреуінде ақау болғаны анықталыпты. Алайда мамандар, бүлінген тоқ сымы, кісі өлімі тіркелген жерден 100 метр қашықтықта жатқандықтан, оқыс оқиғаға сол сымның себеп болуы мүмкін емес деген ұйғарымға келген.
Әжіхан Орынбеков, «Таразэнергоэксперт» ЖШС-нің директоры:
- Жаңағы құбыр деп отыр, құбырдың қондырғысы жерге қондырылған. Одан мен ештеме айта алмаймын. Құбырдан басқа жақтан, сол күні жел болды, мүмкін басқа жақтан суға кабель түсті ма? Сым түсті ме, мұндай жағдайды бірінші рет зерттеп жатырмыз.
Ал одан басқа өлімге себеп боларлық ештеңе табылмады. Дегенмен дерекке қатысты қозғалған іс бойынша әлі күнге тергеу амалдары жүруде. Бір жарым ай бұрын болған қайғылы оқиғаға қатысты әзірге нақты күдікті жоқ.
- Бала да, қыз да судың ішінде қалды ма?
Бала былай тұрды да, талып қалды. Айбай деді де, талып қалды. Былай жатты. Судан кім алып шықты, білмедім.
Еске салсақ, қайғылы жағдай 29-шы мамыр күні болған еді. Канал үстіндегі темір құбырда ойнап жүрген оқушы қыз суға құлап кетеді. Сыныптасын құтқарамын деп артынан секірген 8-ші сынып оқушысын, сол жерде тоқ ұрып ажал құштырған еді. Марқұм Бекзат Үмбеталиевтің жақындары оның қазасына электр желілері мекемесін айыптаған. Айтуларынша, кісі өліміне су ішінде тоқ сымын ашық қалдырған солар кінәлі екен.
Мынау сол қайғылы оқиға болған құбыр. Әу баста осының ішіндегі электр желісінен ақау кетті делінген. Бірақ, тексеріс жүргізген мамандар тоқ сымының қиылған тұсын немесе ашық жатқан жерін таппаған. Қазір тұрғындар бұл өткелді өлім көпірі атап кеткен. Сондықтан оның маңына да жақындауға қорқады. Баларының өмірі үшін алаңдағандар, құбырда ақау болмаса да, оның бетін тоқ өткізбейтін материалмен қаптап беруін сұрап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!