Шығыс Қазақстан облысында қаптап кеткен шегірткенің кесірінен екі аудан астықсыз қалуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында шегіртке қаптап барады. Бүгінде азық талғамайтын жәндіктер егінді алқаптарды қойып, күре жолды да басып алған. Соның салдарынан, тас жолдарда көліктердің емін-еркін қатынауы қиындап отыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
20.07.2017
Бұл кадрларды Аягөз ауданының тұрғындары түсіріп алған. Ғаламторға тараған бейнекөріністен олардың ен даланы төстеп алғанынын анық көруге болады. Ал, шегірткелердің осыншама көптігіне қарағанда, шаруалар шығынға батқан да болуы мүмкін. Бірақ облыстық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары бұған қатысты ештеңе айтқан жоқ. Олар біріне-бір сілтеп, қандай да бір ақпарат таратудан бас тартып отыр. Ал Үржар және Аягөз аудандарының тұрғындары астықсыз қалу қаупі төнгенін жеткізді. Өйткені қаптаған шегіртке егін алқаптарын қойып, ауылдардың ішіне де кіріп жатыр екен.
-Мынау біздің Бозай ауылы. Мынандай сұмдық көрген жоқпыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!