{metadescription}
Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бауыржан Мусин әлі біраз уақыт қамауда отыратын болды. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты комитет төрағасының орынбасарын қамауда ұстау мерзімі осы айдың соңына дейін ұзартылып отыр.

Айта кетейік, аталған ведомствоның қаржы-экономикалық істеріне жауапты болған Мусин 4 ай бұрын 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюроның мәліметінше, бұл – ауызбастырықтың тек бір бөлігі ғана. Жалпы сома – бір жарым миллион теңге. Бауыржан Мусин осы қомақты қаржыға мемлекеттік сатып алу ісін жекелеген кәсіпкерлердің пайдасына шешіп беруге уәде еткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде