{metadescription}
Жалқау мемлекеттік қызметкерлердің табысы кемиді
Жалқау мемлекеттік қызметкерлердің табысы кемиді

Жалқау мемлекеттік қызметкерлердің табысы кемиді

Шенеуніктерге жалақы еңбекқорлығына қарай төленуі мүмкін.  Яғни тынбай жұмыс істегендердің айлығы өсіп, ал жалқаулар керісінше мардымсыз жалақыға өмір сүрмек.     

Яғни, атқамінерлер атқарған ісіне қарай «өте жақсы», «орташа», «қанағаттанарлық» және «нашар» деп бағаланабақ. Еңбекақыны сол алған бағасына қарай алады. Айлық төлеудің бұл айрықша үлгісі былтыр талқыға түскен болатын. Алайда Үкіметтегілер әлі бір шешімге келе алмай отыр. Өйткені, өздерінің де жалақылары өзгеріп қалуы әбден мүмкін. Тура мектептегідей бағалаудың тәсілі бәрінен бұрын жалқауларға ауыр соғайын деп тұр. Себебі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік аз қимылдайтындардың жалақысын азайтып, артынша тіпті жұмыстан да шығарып жібереміз дейді. Осылайша, жатыпішерлерден құтыламақ екен. Шенеуніктерді жаппай алаңдатып қойған айлық төлеудің жаңа әдісі пилоттық бағдарлама ретінде Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігінің өз ішінде, әрі Әділет министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінде келесі жылдан бастап қолданылмақшы. 

Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

-Бұл пилоттық жобадан соң кімнің қалай жұмыс істейтіні анық болады. Алдын ала айтар болсақ, ауылдық аймақтардағы мемлекеттік қызметкерлердің алатын жалақысы бірден 50 пайызға өсуі мүмкін. Өйткені, олардың атқарып жатқан ісі ұшан-теңіз. Әрине, бұл әзірге болжам ғана. Бәрі уақытында белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде