{metadescription}
Алматының қақ ортасындағы бизнес орталыққа ұры түсті
Алматының қақ ортасындағы бизнес орталыққа ұры түсті

Алматының қақ ортасындағы бизнес орталыққа ұры түсті

Алматыда «Берекет» бизнес орталығы тоналды. Ұрылар қаланың қақ ортасында орналасқан 18 қабатты зәулім ғимараттағы оншақты кеңсені үптеп кеткен. Қаскөйлердің бұл қылмысқа мықты дайындықпен келгені байқалады. Өйткені олар сейфтерді сыбдырын білдірмей ашып, миллиондарды алып кеткен. Алайда нақты шығын көлемі белгісіз. Есесіне кеңселері тоналған төрт кәсіпкер полицияға шағым түсірді.

Қаланың қақ ортасындағы «Берекет» бизнес орталығы бүгін түнде тоналған. 18 қабатты зәулім ғимаратқа ұрылар жапсарлас орналасқан түрғын үйдің шатыры арқылы шыққан көрінеді. Осылайша ішке еркін енген қаскөйлер бес пен тоғызыншы қабаттың аралығында орналасқан оншақты компанияның кеңсесін үптеп кетіпті. Бірақ осы жерден офис жалдайтын кәсіпкерлер тақырға отырғандарын тек таңертең ғана білген.  

Ләззат Қожахметова, жәбірленуші:

-Таңертең жұмысқа келсем тәртіп сақшылары толып жүр екен. Біздің кеңсемізді де тонап кетіпті. Сейфті бұзып ішіндегі 4 миллион екі жүз мың теңгені алып кеткен. Ал компьютер мен ноутбуктерге тиіспеген. Сондықтан бұл әккі ұрылардың әрекеті деп ойлаймын.

Ұрылардың бұл қылмысты алдын ала жоспарлағаны да анық байқалады. Өйткені темір сейфтерді оңай ашқан. Ол үшін арнайы құрылғы қолданылғаны да көрініп тұр. Бірақ ғимарат ішін емін-еркін тіміскілеген қаскөйлерді ешкім байқамапты. Өйткені жоғарғы қабаттарда бейнебақылау жүйесі атымен жоқ. Осылайша қауіпсіздікке мүлдем мән бермеген бизнес орталығының әкімшілігі ұры кеткен соң ғимаратқа өзге азаматтарды кіргізбеуге бел буыпты.

- Қазір охрананы жұмыстан шығарады. Мен администратормын.

-Оларды уже шығару керек.

Қазір разбираеться... Сіздер қазір астына түсіп басқа компаниялармен сөйлесіңіздер.

Зәулім ғимаратта оннан астам компания орналасқан. Алайда полицияға кеңселері тоналған төрт кәсіпкер ғана шағым түсірді. Осы қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобы құрылып, ең алдымен бизнес орталығының қызметкерлері мен күзетшілерінен жауап алынуда.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

- Жау алыстан келмейді дейді. Бұл болжамды да біз жоққа шығармаймыз. Өйткені көп қабатты ғимараттың ішінде қауіпсіздік шаралары қандай екенін өткен-кеткен адам біле қоймас. Сондықтан бұл болжамды жоққа шығармай алға тартып отыр із кесушілер. Оң нәтиже болады деген үміттеміз. 

Әзірге ұрылардың қанша қаражатты қолды қылғаны белгісіз. Шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр. Ал кәсіпкерлер ұрланған қаражаттары мен өзге де дүниелерін енді бизнес орталығының басшысынан талап етпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде