{metadescription}
Жолақыға «оңай» төлемеген оңбай шығындалады
Жолақыға «оңай» төлемеген оңбай шығындалады

Жолақыға «оңай» төлемеген оңбай шығындалады

«Оңайды» сатып алмағандар оңбай шығындалатын болды! Алматыда электрондық картасыз жүрген азаматтарға 1-ші тамыздан бастап ерекше тариф енгізілгелі жатыр. Яғни, қоғамдық көліктегі қолма-қол төлемақы құны әдеттегідей 80 емес, 150 теңге болады.        

«Сары картаны» сатып алмай жүргендерге тасымалдаушы компания осындай шара қолданбақ. Айтуларынша, артық шығындалғысы келмегендер ерте ме, кеш пе, электрондық жүйеге өздері-ақ көшеді екен. Нәтижесінде автобустардағы айқай азаяды. Әйтпесе, қағаз билеттің төңірегіндегі қырғынның толастайтын түрі жоқ. Қолма-қол төлемақы қымбаттаған күні «Оңай» картасына сұраныс арта түсетіні анық. Бұл ретте тасымалдаушылар оның құнын өзгертпеуге сөз берді. Керісінше, халықтың қалтасына ауыр тимейтін түрлі ыңғайлы тарифтер ойлап табамыз деп отыр. Мәселен, әр жүрген сайын жолақыны аз төлеп, ақша үнемдеуге мүмкіндік беретін карталар болуы мүмкін. Тарифтегі өзгеріс тек автобус пен троллейбустарға ғана қатысты. Ал метродағы жолақыны қолма-қол төлегенде де 80 теңге болып қала береді.       

Исақов, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Біз тағы да кіргізейін деп жатырмыз мынадай дисконттарды , жеңілдіктерді: бірінші сіздің 10 жүруіңіз – 80 теңге, келесі 10 жүруіңіз – 75 теңге, одан кейінгі 10 жүруіңіз – 70 теңге деген сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде