Ауғанстан астанасында жанкешті 35 адамның өмірін қиды
Ауғанстан астанасында тағы да жойқын жарылыс болды. Салдарынан 35 адам қаза тауып, 42-сі жараланған. Лаңкестік шабуыл бұл жолы Кабулдегі адам аяғы көп жүретін жерде жасалған.
Автор: Ақтөре Тынышбеков
24.07.2017
Өзін өлімге қиған жанкешті көлігіне орнатылған бомбаны іске қосып жіберген. Сол мезетте көшеде халықтың қарасы қалың болғандықтан, зардап шеккендердің де саны жетіп артылады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бейбіт тұрғындар екен. Лаңкестің шағын автобусы Кабулдегі полиция учаскелері шоғырланған ауданда жарылған. Ал бұл қырғын үшін жауапкершілікті «Талибан» радикалдық қозғалысының мүшелері мойнына алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!