{metadescription}
Алматыда көшелерінде онлайн білім алған 1500 көлік жүргізуші жүр
Алматыда көшелерінде онлайн білім алған 1500 көлік жүргізуші жүр

Алматыда көшелерінде онлайн білім алған 1500 көлік жүргізуші жүр

Жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн оқу қоғамға қауіпті. Еліміздегі автомектеп басшылары осылай деп дабыл қағып отыр. Биыл көлік жүргізуге үйрететін оқу орындарына баратындардың саны күрт азайған. Қазір көптеген адамдар ғаламтор арқылы жол ережелерін жаттап, емтихан тапсырып, куәлік алып жатыр екен. Алматыда жыл басынан бері 3 мың адам көлік жүргізу құжатына ие болса соның тең жартысы онлайн-дәріс алғандар.

-Қозғалысты бастай беріңіз...

Автомектептің табалдырығын аттамаған, кәсіби нұсқаушының сабағын алмаған Нұрлыбек Есентұр куәлік алу үшін емтихан тапсырып жатыр. Ол жол ережелерін онлайн оқыған екен. Ғаламтордан үйренгенін 19 жастағы жігіт ұтымды қолданып, сынақтан сүрінбей өтті.

Нұрлыбек Есентұр, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазіргі заң жақсы болды. Әр адам өзі дайындалып тапсыра алады. Ол жақсы. Уақытың да кетпейді. Қатты қиын да емес.

Уақыттан бөлек жас жігіт қаржысын да үнемдеді. Ол автомектепке бармай-ақ жүргізуші куәлігін алды. Қазір Нұрлыбек сияқты теорияны интернеттен оқып алып, көлік тізгіндеуді таныстарынан үйреніп емтиханға келіп жатқандар көп екен.

Нұрлан Аманбек, Нұрлан Аманбек, Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

 - Алты айда емтихан тапсыруға 21 247 адам тапсырыс берді. Оның ішінде теориялықты 12 000 адам тапсырса. Практикалыққа 8900, Куәлік алғандары өзін-өзін дайындауды автомектепті қосқанда 3000 мың адам.

Өзін-өзі дайындау арқылы жол жүргізу құжатын алу практикасы елімізде былтырдан бері қолданылып келеді. Полицейлер бұл ешкімді міндеттеу емес, адамдарға таңдау мүмкіндігін жасау дейді. Бастысы емтиханда тиісті нәтиже көрсетсе болғаны. Алайда автомектеп қызметкерлері бұл пікірмен келіспейді. Олар онлайн оқыған адам кәсіби нұсқаушының қасында отырып көлік айдап үйренбесе оған куәлік беру қауіпті дейді. 

Мая Мамедова, автомектеп директоры:

- Өз-өзін интернет арқылы дайындаған адам жол ережелерін жаттап алуы мүмкін. Бірақ ол бәрібір автомектепке келіп жүргізуді үйрену керек. Себебі, танысынан, туысынан үйрену аздық етеді. Ал, көлік жүргізу дегеніміз өз өміріне ғана емес, өзгенің өміріне де жауапты болу.

Интернет дәрістің дамуы автомектеп бизнесіне де кері әсерін тигізбей қоймасы анық. Биылдың өзінде арнайы оқу орындарына баратындардың саны екі пайызға азайған. Ал автомектеп басшылары біздің дабыл қағуымыздың басты себебі ақша емес, қоғамның қауіпсіздігі дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде