Қазақстандықтар қажылыққа қамдана бастады
Қазақстандықтар үшін биыл қажылықтың жолы жеңілдейді. Бұған дейін қасиетті мекенге Түркия, Араб әмірліктері арқылы ұшқан отандастарымыз биыл үш қаладан тікелей рейспен Сауд Арабиясына бір-ақ қонбақ.
Автор: Азамат Алдоңғаров
25.07.2017
Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ аппарат басшысы:
- Отанымыздың қажылары қасиетті мекенге Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан бірде Мекке, Медина, Жидда қалаларына бірден түсе алады. Бұл дегеніміз қажыларымыздың жол қиындығынан арылып, бас аяғы 4-5 сағатта өмір бойы аңсаған мекенге бару мүмкіндігіне ие болды.
Осы жылы қажылық парызын өтеуге екі жарым мың қазақстандық үлкен сапарға аттанбақ. Алғашқы ұшақ Қазақстаннан 22-ші тамызда шығып, қажылар мінген соңғы ұшақ елге 10-шы қыркүйекте қайтады. Отандастарымыздың Мекке мен Мединаға дін аман барып қайтуын діни басқарманың мамандары толық қадағаламақ. Биыл Сауд Арабиясына әлем 3 миллион қажы барады деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!