Есірткінің жаңа түрлерімен күрес жеңілдейді
Есірткінің жаңа түрлерімен күрес жеңілдетілмек. Мәселе, химиялық құрамы үнемі жаңарып тұратын синтетикалық есірткілерге қатысты. Бірі анықталып тыйым тізіміне енсе, екінші күні жаңаратын зиянды заттарды толық қадағалап отыруға мемлекеттің мүмкіндігі жетпейді. Үнемі заңға өзгерістер енгізуді талап ететін күресті енді полицейлер «балама» терминін енгізу арқылы жеңілдетпек. Ішкі істер министрлігі Премьер-министрдің пәрменін күтіп отыр. Тиісті заң құпталса, қазынаның зерханалық сынамаларға жұмсалатын ақшасы да бүтін қалмақ. Ал бүгін министр Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысына тағы 88...
Автор: Азамат Алдоңғаров
25.07.2017
ірткінің тізімін әкелді. Оны тыйым салынған есірткілердің ұлттық тізіміне енгізсе халықаралық ұйымдардың қара тізіміндегі препараттың барлығы қамтылады дейді министр.
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бұл өзгеріс есірткінің жаңа түріне зертханалық сынама жүргізу қажеттілігін жояды. Яғни, осы жүйе жаңадан пайда болған психотроптық препаратты автоматты түрде есірткі қатарына қосады. Осы арқылы оның белгілі түрлерімен ғана емес, жаңадан пайда болу жолдарымен де күресеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!