Атырауда адамды ұялтатын билбордтар пайда болды
Атыраулық шенеуніктер жалқауларға қарсы ерекше тәсілмен күреспек. Олар қаланың орталық көшелеріндегі билбордтарға жатыпішерлердің күнделікті өмірін бейнелейтін карикатураларды іліп қойды.
Автор: Жанар Низамутдинова
26.07.2017
Билбордтарға жұмыс істеудің орнына үйде жатып, «алма піс, аузыма түс» дейтін қағиданы ұстанатын, туған бала-шағасынан гөрі әлеуметтік желілерге көбірек көңіл бөлетін қыз-келіншектер және ата-анасының зейнетақысын асыға күтетін жігіттер бейнеленген. Ащы шындықты бейнелейтін бұл туындылар белгілі суретші Аңсаған Мұстафаның қолынан шыққан. Өзекті тақырыптарды өткір бейнелеп жүрген суретшінің 50-ге жуық шығармасын Атырау қаласының әкімдігі арнайы сұратып алыпты. Соның ішінен 10 шақтысын таңдап, ілуді жөн көрген екен. Мұндай әрекет әкімдіктегілер «дайын асқа тік қасық» болуға әзір тұратын кейбір атыраулықтарды ұялтып, өмірлерін өзгертуге себеп болады дейді.
Гүлбаршын Меңдіқұлова, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
-Бұған қаражат қала әкімдігі жанынан әлеуметтік тақрыптарға баннерлер орналастыру мақсатында қаражат бөлінді 7 миллион көлемінде. Бұл аудитория ең бірінші жастарға, содан қала берді қала тұрғындарына да ой салады деген мақсатта жасалып жатқан жұмыстың бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!