Үндістанда 17 адам көпқабатты үйдің астында қалды
Үндістан астанасында көпқабатты үй құлап 17 апат қаза тапты. Мумбайдағы бұл апаттың салдары қандай болары әлі белгісіз, себебі аршу жұмыстары жалғасуда.
Автор: Олжас Байжан
26.07.2017
Оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатқан құтқарушылар қазір ғимаратта қанша адамның тұрғандығын анықтауда. Толығымен опырылған тұрғынүйдің бірінші қабатында қарттар үйі болса, жоғарғы қабаттарда оннан астам отбасы тұрған екен. Қазірге дейін қиратдылар астынан небәрі 28 адам шығарылған, олардың 17-і ауруханада көз жұмыпты. Апатқа не себеп болғандығы белгісіз. Бірақ Үндістанда бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Көп жағдайда құрылыс нормаларының сақталмауы мен сапасыз материалдардың қолданылуы апатқа әкеп соғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!