{metadescription}
Пәкістанда аударылған автоцистернадан бензин құйып алмақшы болған 200 адам тірідей жанып кетті
Пәкістанда аударылған автоцистернадан бензин құйып алмақшы болған 200 адам тірідей жанып кетті

Пәкістанда аударылған автоцистернадан бензин құйып алмақшы болған 200 адам тірідей жанып кетті

Пәкістандағы жанармай құю бекеттерінің жұмысы тұралап қалды. Бұл елдегі бензин тапшылығына байланысты болып отыр. Автоцистерна жүргізушілері осымен үшінші күн жұмысқа шығудан бас тартып, жақында қауіпті жүкті тасымалдау талаптарының күшейтілгеніне қарсылық танытуда.

Аталмыш талаптың күшейтілуіне соңғы ірі апат себеп болған. Бұрылыстардың бірінде аударылған жанармай таситын көліктен аққан бензинді құйып алуға жиналған 200-ден астам адам жарылыстан көз жұмған еді. Биліктегілердің айтуынша Пәкістандағы осындай көліктердің басым бөлігі қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Өзгерістер ел тұрғындарына пайдалы болуы тиіс. Бірақ екінші тарап қысқа мерзім ішінде тыйым салынуы дұрыс емес дегенді алға тартуда. Осы орайда жұрт жақын арада үйінен жұмысқа жету мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Анвар Масуд, Пәкістан тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы:

-Бізде наразылық танытудан басқа амал қалмады. Көліктеріміздің бос тұрғанынан ешқандай пайда жоқ. Бұл мәжбүрлі шара. 10 күн бас көтеру қажет болса, 10 күн тұрамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде