Ерлан Сағадиев латын әрпіне көшуге асықпай отыр
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев латын әрпіне көшуге асықпайды. Мемлекет басшысының бұл процесті жеделдету туралы тапсырмасына қарамастан, министрлік қаріптің соңғы нұсқасын жыл соңында ғана бекітеміз деп мәлімдеді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
26.07.2017
Ерлан Сағадиев, жылдамдатсақ, қателесеміз деп қорқады. Қазірдің өзінде қолданыста латын әрпінің бірнеше қазақша үлгісі бар екеніне қарамастан, министрлік жанында құрылған арнайы комиссия тағы бірнеше нұсқа жасамақ. Содан кейін барып бір түрі негізге алынады. Қазақстанның жаңа әліпбиге толық көшуінің нақты мерзімі тағы белгісіз.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Латынға көшу мәселесіне келетін болсақ, бұл – маңызды жоба. Асығып, қателік жасап қоймауымыз керек. Биыл істелетін жалғыз жұмыс – ол қаріптің бір нұсқасын бекіту. Бірнеше нұсқа жасап, талдау керек. Содан барып латынға көшудің жоспарын бекітеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!