Мысырда абақтыға түсіп қалған қазақстандық студенттердің жағдайы әлі белгісіз
Мысырда қамауға алынды делінген қазақстандық студеттерден әлі күнге ешқандай хабар жоқ. Отандастарымызды полицейлер ұстап отыр деп кеше ресми мәлімет таратқан Сыртқы Істер Министрлігі де бүгін ештеңе айтпады.
Автор: Асыл Әділханұлы
26.07.2017
Жоғалды деген алты студенттің екеуінің ғана аты-жөндері белгілі. Олар – Еламан Жазылхан мен Қанат Берік. Екеуі де бірнеше тілде еркін сөйлейді, аудармашы болып жұмыс істеген. Туыстары жастардың Мысырға шілденің 11-інде ұшып кеткенін айтуда. Олармен байланыс алты күн бұрын үзілген. Алдын ала мәлімет бойынша студеттер шетелге тіл үйрену үшін және араб тілінен бірнеше кітапты тәжімалауға барған. Олардың жол ақысы мен жүріп-тұруын мысырлық бір қор төлеуі тиіс болыпты. Қазір осы қор да, тіл үйретуі тиіс орталық та студенттер туралы тіс жарар емес. Бір белгілісі – оларды полицей формасын киген адамдардың ұстап әкеткені. Студеттерді не үшін ұстады және алты бірдей отандасымыз бүгінде қандай күйде, бұл жағы беймәлім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!